2025 жылдың сәуірі бойынша Меңдіқара ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат

  • Өнеркәсіп. Аудан кәсіпорындарында өнеркәсіп өнімі 1 145,0 миллион теңге сомасында шығарылған. Нақты көлем индексі - 264,9%.
  • Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнімнің жалпы шығарылымы 2 289,0 миллион теңге немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 121,3% құрады.
  • Ет 905,0 тонна, сиыр сүті - 3 947,8 тонна, тауық жұмыртқасы - 452,7 мың санында өндірілген.
  • Мал мен құстар саны 2025 жылдың 1 мамырына құрады: ІҚМ - 21 444 бас немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 109,3%, сонымен қатар сиырлар - 9 976 бас немесе 105,7%, жылқылар - 13 058 бас немесе 114,2%, қойлар мен ешкілер - 24 204 бас немесе 103,0%, шошқалар - 4 156 бас немесе 139,2%, құстар - 63,4 мың бас немесе 111,6%.
  • Шағын және орта кәсіпкерлік. 2025 жылдың 1 мамырына ауданда шағын және орта бизнестің 1 337 субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде (2025 жылдың 1 қаңтарына Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша) 3 372 адам жұмыс істейді.
  • ШОБ субъектілерімен өнім шығарылымы 2024 жылдың қаңтары - желтоқсаны бойынша (Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша) 44,8 миллиард теңгені құрады.
  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар 908,0 миллион теңгені құрады немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 40,8%.

Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорынның, ұйымдардың және тұрғындардың жеке және қарыздық қаражаттары - 95,2%.

Құрылыс жұмыстары. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы 471,0 шаршы метр пайдалануға енгізілген немесе 2024 жылдың сәуіріне 48,6%.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - 19,0 миллион теңгені құрады, 2024 жылдың ұқсас кезеңіне НКИ - 21,1%.

Сауда. Бөлшек сауданың көлемі 2 587,0 миллион теңге немесе 2024 жылдың сәуіріне 100,1%  құрады.

Көтерме сауданың айналымы 274,4 миллион теңге құрады, НКИ - 100,2%.

Өмір сүру деңгейі. Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы аудан кәсіпорындарында 2025 жылдың қаңтары - наурызы бойынша 258 591 теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 105,0%.

Қаржы. Жергілікті бюджет 109,9% орындалған, 1 509,2 млн теңге түсті.

Дата публикации
02 июля 2025