«Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

1) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт  бөлімі" ММ дене шынықтыру мен спортты дамытуды қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге  асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Орналасқан жері:111300,Қостанай облысы,Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі 5, байланыс телефоны: 871443-2-40-17,электрондық пошта мекенжайы: sport_mendykara2024gr@mail.ru

 

2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы-біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі.

1 (бір) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

1 (бір) мемлекеттік қызмет қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бөлім қызметшілері "мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген ережелер мен регламенттерді (1 бекітілген стандарт пен регламент) басшылыққа алады

2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

  • " Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жанында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" стенді орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат және ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мақсатында Бөлімнің жауапты қызметшілері түрлі семинарларға ,дөңгелек үстелдерге, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестерге қатысады. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі туралы білікті консультация алады.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.

  • 2024 жылы дене шынықтыру кадрларымен семинар өткізілді.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері  бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат(қосымша).

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. 2024 жылдың кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.

5.Бұдан әрі тиімділік перспективалары және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру – тиімділікті арттыру мақсатында жаттықтырушылармен, спортшылар мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер жоспарланған.

2025 жылы жоспарлар:

-мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша барлық шараларды қабылдау;

-бөлім ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу;

-осы есепті жария талқылауды жүргізу.

 

 

Отчет о деятельности государственного учреждения «Отдел физической культуры и спорта акимата Мендыкаринского района» по вопросам оказания государственных услуг за 2024 год
Дата публикации
28 апреля 2025