«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Боровское ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Даулетбаев Самат Айтмолдинович, 1975 жылы туған, «Меңдіқара ауданының Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қасқат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
Спанов Мурат Балгабаевич, 1988 жылы туған, «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ, бөлім басшысы, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Боровское ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;
Турагулов Жасулан Тулегенович, 1986 жылы туған, «Боровское ауылы әкімінің аппараты» ММ әкім, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Боровское ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылды.
Меңдіқара ауданы аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р. Байсақалов