Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорынның, ұйымдардың және тұрғындардың жеке қаражаттары - 100%.
Құрылыс жұмыстары. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы 269,0 шаршы метр пайдалануға енгізілген немесе 2023 жылдың қаңтарына 105,5%.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - 35,0 миллион теңгені құрады, 2023 жылдың ұқсас кезеңіне НКИ - 215,4%.
Сауда. Бөлшек сауданың көлемі 526,7 миллион теңге немесе 2023 жылдың қаңтарына 102,1% құрады.
Көтерме сауданың айналымы 38,6 миллион теңге құрады, НКИ - 165,6%.
Өмір сүру деңгейі. Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы аудан кәсіпорындарында 2023 жылдың қаңтары - желтоқсаны бойынша 252 458 теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 115,1%.
Қаржы. Жергілікті бюджет 274,7% орындалған, 374,8 млн теңге түсті.