«Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

          «Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметтердің бекітілген тізіліміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді:

  1. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  3. Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
  4. Жер учаскелерін жеке меншікке бір мезгілде немесе бөліп сату.
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау.

         2023 жылы «Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға  1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.                                                                                                                        «Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  ғимараты ақпараттық стендтерінде  мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі орналастырылған, олармен қызметті алушы таныса алады,  сондай- ақ округ тұрғындарының өзіндік жұмысы үшін арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар.

           Аудан әкімі аппараты тарапынан үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық,ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

Бөлім қызметі тұрақты түрде әкімдік отырыстарында, аудан басшылығы жанындағы кеңестерде қаралады, жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есептерді талқылау жүргізіледі.

Әкім аппаратымен қызмет корсетуді жүзеге асырылды. Тексеру барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді, семинар-кеңестер мен оқыту сабақтары өткізіледі.

Дата публикации
18 января 2024