Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 6 түрі бойынша көрсетіледі:
1.Елді мекен шегінде нысан салу үшін жер телімін беру. 2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. 3.Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
2023 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1 мемлекеттік қызмет www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және 5 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» порталы арқылы көрсетіледі.
Неғұрлым сұранысқа ие «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» қызметі.
Мемлекеттік қызметтер жөніндегі мәліметтер Меңдіқара ауданы әкімінің сайтында ақпараттық стендтерде орналастырылған, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланады.