2023 жылдың қаңтары - желтоқсаны бойынша Меңдіқара ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат

  • Өнеркәсіп. Аудан кәсіпорындарында өнеркәсіп өнімі 2 849,0 миллион теңге сомасында шығарылған. Нақты көлем индексі - 88,6%.
  • Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнімнің жалпы шығарылымы 43 301,8 миллион теңге немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 79,9% құрады.
  • Жылқылардың басы 17,4% , ІҚМ - 11,3%, шошқалар - 2,2% ұлғайған.
  • Ет 4 269,8 тонна, сиыр сүті - 21 419,7 тонна, тауық жұмыртқасы - 9 342,4 мың санында өндірілген.
  • Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылдың 1 шілдесіне ауданда шағын және орта бизнестің 1 344 субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде (2023 жылдың 1 шілдесіне) 3 397 адам жұмыс істейді.
  • ШОБ субъектілерімен өнім шығарылымы 2023 жылдың қаңтары - маусымы бойынша 10,0 миллиард теңгені құрады.
  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12 952,0 миллион теңгені құрады немесе 2022 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 95,0%.

Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорынның, ұйымдардың және тұрғындардың жеке және қарыз қаражаттары - 74,0%.

Құрылыс жұмыстары. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы 2 558,0 шаршы метр пайдалануға енгізілген немесе 2022 жылдың қаңтары – желтоқсанына 98,6%.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - 125,0 миллион теңгені құрады, 2022 жылдың ұқсас кезеңіне НКИ - 88,8%.

ҚМЖ көлемі 6 145,0 миллион теңгені (2022 жылдың қаңтары - желтоқсаны - 2 267,0 миллион теңге) құрайды.

Сауда. Бөлшек сауданың көлемі 9 468,9 миллион теңге немесе 2022 жылдың қаңтары -желтоқсанына 101,0%  құрады.

Көтерме сауданың айналымы 2 476,4 миллион теңге құрады, НКИ - 97,3%.

Өмір сүру деңгейі. Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы аудан кәсіпорындарында 2023 жылдың қаңтары - қыркүйегі бойынша 251 049 теңгені құрады немесе  2022 жылдың сәйкес кезеңіне 115,5%.

Қаржы.

Жергілікті бюджет 103,2% орындалған, 6 878,1 млн теңге түсті.

Дата публикации
18 января 2024