«Юбилейный» МҮ 2020 жылғы 1 жартыжылдығының жұмысын талдау
1. 2020 жылғы 1 жартыжылдығының Меңдіқара ауданының мемлекеттік клуб типіндегі мәдени мекемелер желісі
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Юбилейный» МҮ МКҚК құрылымына Меңдіқара ауданының мемлекеттік желісінің келесі клубтық мекемелері кіреді:
1. «Юбилейный» МҮ – 1;
2. АМҮ - 1 (Михайлов);
3. Ауылдық клубтар - 9 (Краснопреснен а/к, Лесное а/к, Қарақоға а/к, Теңіз а/к, Ломонос а/к, Введен а/к, Каменорал а/к, Борки а/к, Иванов а/к);
4. ЖШС жанында - 4 (Долбушка а /к, Архипов АМҮ, Буденов АМҮ, Харьков АМҮ).
Меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер - бос уақытты ұйымдастыруға, дәстүрлі халықтық көркемдік шығармашылықты сақтауға және дамытуға, аудан тұрғындарын мәдени ұйымдардың қызметтерімен қамтамасыз етуге, шығармашылық кәсіпті жандандыруға, аудан халқының шығармашылық әлеуетін дамытуға, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізуін ұйымдастыруға жағдай жасаудың негізгі функциясын орындайды.
II. Клуб мекемелерін қаржыландыру
Есеп беру кезеңде республикалық және аудандық бюджеттен Меңдіқара ауданының клуб мекемелеріне 49396,0 қаражат бөлінді. Ағымдағы кезеңде халыққа 18,5 тг. ақылы қызмет көрсетілді.
2.2. Материалдық-техникалық база (оның жағдайы, не сатып алынды, қандай көлемде қаржыландырылды, демеушілермен және меценаттармен жұмыс).
Есеп беру кезеңде «Юбилейный МҮ» МКҚК жалпы сомасы 3576,0 тг. тұратын материалдық қаражаттар сатып алынды.
Кілем мен еден төсеніштері 264,0 тг. сомасында, 140,0 тг. сомасында 1 дана шаңсорғыш сатып алынды.
Жалпы құны 162,0 тг. сомасында 6 дана көлеміндегі ТЖ динамикалық бас, 20,0 тг. сомасында 2 дана - динамикалық тіректер.
«Жұлдыз» хореографиялық ұжымына, «Нұр-стайл» вокалды тобына, жүргізушілерге және солисттерге 34 дана көлемінде жалпы сомасы 3000,0 теңгеге сахналық костюмдер сатып алынды.
1 шілдедегі жағдай бойынша «Юбилейный» МҮ МКҚК барлық желісінен авариялық және күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттар жоқ. Клуб типіндегі 15 ауылдық мәдени мекемелердің 12-сінде орталық жылу, 3 ауылдық клубта пешпен жылыту (Долбушка а/к, Ивановка а/к, Краснопреснен а/к).
«Юбилейный» МҮ МКҚК теңгерімінде көлік құралдары жоқ.
Ауылдық клубтарда және АМҮ-де музыкалық аспаптардың болуы қажет. Барлық клубтық желілерден тек «Юбилейный» МҮ толығымен жабдықталған, Михайлов АМҮ, Буденов АМҮ және Харьков АМҮ қажетті музыкалық аспаптармен ішінара жабдықталған.
«Юбилейный» МҮ толық сахналық костюмдермен жабдықталған, Михайлов АМҮ - 1 жиынтығымен, Харьков АМҮ - 13 жиынтығымен, Буденов АМҮ - 2 жиынтығымен ішанара жабдықталған.
3. Штаттар.
Бекітілген штат кестесіне сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Юбилейный» МҮ МКҚК - 39,0 штат бірлігі, соның ішінде МҮ-де 34,0 штат бірлігі, ауылдық клубтарда - 5,0 бірлігі бар. Штат құрамына 43 адам болып есептеледі, оның ішінде 29 – шығармашылық; 27 адам - толық ставкаде жұмыс істейді, 16 адам - толық емес ставкаде жұмыс істейді. «Юбилейный» МҮ МКҚК барлық қызметкерлерінің 14-інде жоғары білімі бар. 10 адамның орта арнаулы білімі бар. 29 шығармашылық қызметкердің 9-ы арнайы білімі жоқ. Бұл, негізінен мамандандырылған білім алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ толық емес ставкаде жұмыс істейтін адамдар.
III.Клуб типіндегі мәдени мекемелер жұмысының негізгі көрсеткіштері
4. Клуб қызметін талдау.
2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Меңдіқара ауданының клуб мекемелерінде 77 клубтық бірлестіктер жұмыс істейді, оған - 794 адам қатысады.
Барлық клубтық құралымдар Жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді және барлық іс-шараларға қатысады. Шығармашылық ұжымдар мен клубтық құралымдардың азаматтық және патриоттық тәрбие беру, өскелең ұрпақты көркем және эстетикалық дамыту, отбасылық және ұлттық құндылықтар мен салауатты өмір салтының қағидаларын насихаттау және жүзеге асыру, рухани-адамгершілік ұмтылыстарды қалыптастыру бойынша мәдени-демалыс жұмыстары жүйелі және мақсатты түрде жүргізілуде. «Юбилейный» МҮ МКҚК қызметкерлері қарттар мен мүгедектер арасындағы жұмыстарға көп көңіл бөледі. Меңдіқара ауданының аумағында 9 клубтық құрамалар мен қарт адамдарға арналған қызығушылық клубтары әрекет етеді. Олар халықтық «Подвиг» ардагерлер хоры, халықтық «Домбыра сазы» ұлт-аспаптар ансамблі, «Сударушка» вокалды тобы, «Белая ладья» ардагерлердің шахматшылар клубы, «Әжелер» вокалды тобы, «Харьковчанка» вокалды тобы, Боровское халық театры, 2 вокалдық студия, сонымен қатар балалар шығармашылығына да үлкен көңіл бөлінеді, аудан көлемінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 14 клубтық құралымдар әр бағытта жұмыс істеуде: қолданбалы өнер үйірмелері «Хозяюшка», «Юный художник» - Ломонос а/к, «Умелые ручки» үйірмесі, «Юный следопыт» - Долбушка а/к, «Умелые ручки» - Ломонос а/к, және басқалар.
Жас пен мамандығына қарамастан, ұжымда мұғалімдер, ауылшаруашылық қызметкерлері, зейнеткерлер, жұмыс істейтін жастар, студенттер мен мектеп оқушылары ат салысып отырады. Осылайша, клубтық құралымдардың қызметі тұрғындарға бос уақытын жақсартуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ғана емес, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Көркемөнерпаздар шығармашылығы мен көркемдік шеберлікті дамытуды «Юбилейный» МҮ МКҚК шығармашылық қызметкерлері мен көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілері айналысады. Есеп беру кезеңінде шығармашылық ұжымдардың және бірқатар жеке орындаушылардың концерттері ұйымдастырылды және өткізілді. Әрине, бұл жұмыстардың барлығы құзыретті, тәжірибелі және жоғары кәсіби топ жетекшілерінің қосқан үлесі арқасында жүзеге асырылады. Көркемөнерпаздар қатысушыларымен күнделікті тынымсыз жұмысты шығармашылық топ атқарады, солардың арқасында табыстар мен жеңістерге жетеді. «Юбилейный» МҮ МКҚК көркемөнерпаздар тобы үшін есепті кезең өте жемісті және оқиғалы болды. 16 наурыздан бастап, елде пандемияға және енгізілген ТЖ байланысты барлық іс-шаралар Инстаграм әлеуметтік желісінде онлайн режимінде өтті.
Есеп беру кезеңінде «Юбилейный» МҮ МКҚК 23977 адамды қамтыған -176 іс-шара өткізілді.
Сонымен, Наурыз ұлттық мерекесін мерекелеуде Инстаграм желісінде ҚР еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекеновтің, «Юбилейный» Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының қатысуымен онлайн құттықтаулар мен онлайн-концерттер өтті.
30 наурызда Меңдіқара ауданында Болатовтар отбасылық ансамблі (Михайлов ауылдық мәдениет үйі) қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған ЧЕЛЛЕНДЖ басталды.
1 сәуірде «Юбилейный» Мәдениет үйінің жас вокал-әншісі Байдос Қожасағиев онлайн режимде өзінің концертін берді.
6 сәуірде #bizbirgemiz республикалық акциясы шеңберінде «Юбилейный» Мәдениет үйінің вокал-әншісі Ғалымжан Маутановтың қатысуымен онлайн-концерт өтті.
13 сәуірде «Березка» вокалды тобы онлайн концерттің эстафетасын қабыл алды. Олардың орындауында орыс халық әндерін, қазақстандық және шетелдік авторлардың эстрадалық әндері шырқалды.
20 сәуірде тікелей эфирде меңдіқара көрермендерінің сүйіктісі, «Юбилейный» Мәдениет үйінің жеке орындаушысы Қарлығаш Құсайынованың онлайн-концерті өтті.
23 сәуірде жас ақын, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің 3-курс студенті Құсайынов Дінмұхамбетпен онлайн кездесу өтті. Кездесуді «Юбилейный» МҮ МКҚК басшысының міндетін атқарушы және Дінмұхамбеттің тәлімгері - Нағашыбай Мұрат Жақсылықұлы жүргізді. Кездесу барысында Дінмұхамбет шығармашылығы, оқуы, туған жері туралы, балалық шағы қалай өткенін, рэпер болуды армандағанын, бірақ айтыс өнеріне қалай келгені жөнінде біраз сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында Дінмұхамбет өзінің өлеңдерінен үзінділер оқыды, онда оның өз халқын сүйетін, өз Отанының патриоты екендігі айқын көрсетілген. Кездесудің соңында Дінмұхамбет туған жері мен меңдіқаралықтарға арналған «Арнау» әнін орындады.
2020 жылғы 29 сәуірде #бізбіргеміз республикалық акция шеңберінде Ұлы қазақ ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы - Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған онлайн байқау өтті. Байқауға әр жастағы аудан тұрғындары қатысты. Байқаудың бірінші орнын Қапез Жанат (Харьков АМҮ) ие болды, екінші орынға Қазыбеков Әлішер (Долбушка а/к), үшінші орын Тұрсынғалиева Аида (Буденов АМҮ) иеленді. Арнайы сыйлық әділ-қазылардың шешімімен бір ауыздан байқаудың ең кішкентай қатысушысы Алешин а/о-нен Жүрсін Айымға бұйырды.
2020 жылдың 30 сәуірі Қазақстан халқы бірлігі Күніне орай «Юбилейный» Мәдениет үйінің сахнасында тікелей эфирде instagram @culture_mendiqara желісі арқылы Халықаралық, облыстық фестивалдер мен байқауларының лауреаты, «Юбилейный» Мәдениет үйінің жеке орындаушысы Марат Өтегенов пен көркемдік жетекшісі Марат Өтегенов - «Нұр-стайл» вокалды тобының онлайн концерті өтті. Концертте халық әндері, Абайдың әндері және шетелдік пен қазақстандық орындаушылардың әндері орындалды.
Қазақстан халқы бірлігі Күнін мерекелеу қарсаңында «Юбилейный» МҮ қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстандық дастархан» челленджі өтті, оны instagram желісінің ресми парағында 1 мамыр көрсетілді.
2020 жылғы 5 мамырда «Юбилейный» МҮ тікелей эфирде instagram @culture_mendiqara сайытында ҚР Отан қорғаушылар Күніне арналған халықтық «Жастар» вокалды тобының «Қазақ елі» онлайн концерті өтті. Концертте патриоттық әндермен қатар халық әндері, Ұлы Абайдың әндері орындалды.
7 мамырда ҚР Отан қорғаушылар Күніне орай мәдениет саласының қызметкерлері - әйелдері ерлерге арнап «Разрешите поздравить...» құттықтау видеоролигін жолдады.
8 мамырда халықтық «Домбыра сазы» ұлт-аспаптар ансамблінің қатысушылары әйгілі «Катюша» әскери әнін орындады.
8 мамырда Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған А.Ф. Шабуньконың басшылығымен Буденов АМҮ «Гармония» халықтық вокалдық тобы мерекелік «О Родине, о мужестве, о славе!!!» бейне-концерттін дайындап өткізді.
9 мамырда «Юбилейный» МҮ қызметкерлерінің күшімен дайындаған Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Поклонимся великим тем годам» мерекелік онлайн концертін өткізді. Бағдарламада соғыс жылдарына арналған өлеңдер және әндер орындалды.
21 мамырда «Юбилейный» МҮ Мәдениет және өнер қызметкерлері Күніне арналған «Люди создающие праздник» онлайн концерт өтті. Концертте ауылдық клубтарының көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымының, аудандық орталық кітапхана, Михайлов АМҮ, Буденов АМҮ, Долбушка а/к және Харьков АМҮ атынан құттықтаулар жолданды. Мәдениет шеберлері-ардагерлер режиссер Юрий Турчанинов және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов, сондай-ақ «Юбилейный» МҮ көркемөнерпаздары өз құттықтауларымен қуантты.
26 мамырда #бізбіргеміз Республикалық акция шеңберінде Меңдіқара сахнасының аңызға айналған Павел Кулиничтің қатысуымен «А ты как весна» онлайн концертті өтті. Концертте кеңес авторларының лирикалық әндері мен өткен ғасырдағы 80-жылдардың ретро-әндері шырқалды.
Маусым айында Халықаралық балаларды қорғау Күніне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Күніне «Наш гимн» онлайн челленджі және Ұлттық домбыра Күніне арналған «Ұлттық домбыра» челенджі өткізілді.
5. Мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы туған жерге, оның мәдениетіне, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұріптеріне деген сүйіспеншілікке негізделген патриоттық бағытты айқындайды. Біздің республикамыз гүлденген, бәсекеге қабілетті елге айналуы үшін, біз өсіп келе жатқан ұрпаққа – тарихи дәстүрлерге, туған жерінің мәдениетіне, рухани мәдениетіне құрметпен қарауға тиіспіз. Жылдық жұмыс жоспарға сәйкес «Юбилейный» МҮ МКҚК қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Ауданның барлық клуб мекемелерінде әртүрлі форматтағы іс-шаралар: туған ауылының аумағында экскурсиялар, бос уақыт өткізу, патриоттық мерекелер, концерттер, фестивальдер мен конкурстар өткізілуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Меңдіқара ауданында «Юбилейный» Мәдениет үйінің сахнасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі аспектілерін қозғай отырып, «Алтын Орданың» 750-жылдығына және Меңдіқара ауданының 90-жылдығына арналған «Ұлы дала үні» қазақ ұлт-аспаптар шығармашылығының аудандық фестивалі өтті. Ауғанстаннан әскерді шығару Күніне орай «Песни опаленные войной» мерекелік концерті ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай «Песня в военной шинели» онлайн байқауы мен бір қатар концерттер өтті. Ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған онлайн байқауы ұйымдастырылып өз дәрежесінде өткізілді. Ұлттық домбыра Күніне арналған «Ұлттық домбыра» мерекелік онлайн концертін және домбырашылар флешмобын атап көрсетуге болады.
«2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылуы» мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар.
Ауданның клуб мекемелеріндегі барлық іс-шаралар мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар.
«Юбилейный» МҮ» МКҚК жұмысының маңызды бағыттарының бірі өскелең ұрпақ пен жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады. Біздің ауданда өткізілетін іс-шаралар патриоттық және тәрбиелік сипатқа ие, жастар мен өскелең ұрпақты өз еліне, кіші отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Әрбір концертте жас орындаушылардың, жастардың вокалдық топтарының орындауында Отан, Қазақстан туралы әндер әрдайым шырқалады. Біздің өткізіп жатқан іс-шараларымыз жастарды бей-жай қалмауға, елдің тағдырын барлық халықпен бірге жасауға шақырады. Аудандық Ардагерлер кеңесімен, Жастар ресурстық орталығымен тығыз ынтымақтастықта іс-шаралар өткіземіз, онда өз жерлестеріміздің өмірін, елі үшін атқарған еңбегін жас ұрпаққа мақтаныш етеміз, біздің қоғам ұлттық бірлікті, бейбітшілік пен келісімді насихаттайды. Осы іс-шаралардың барлығы қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және қолдауға жағымды әсер етеді, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қызмет етеді.
Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар.
Меңдіқара ауданының клуб мекемелерінің қызметкерлері - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кезінде жастар арасында қоғамның мәселелеріне өзіндік дүниетанымын қалыптастыру қабілетін дамытуды, елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша тұрақты бағдарды қалыптастыруға ықпал етуді, өз әрекеттеріне мен істеріне үшін жауапкершілікке тәрбиелеуді өздерінің мақсаттары деп санайды.
«Взгляд молодежи на наркоманию и коррупцию в стране», «Новое поколение без коррупции», «Молодежь против коррупции» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларын дайындауға және өткізуге аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, К. Дөненбаева атындағы Боровское кәсіптік колледжінің студенттері, КВН командалары және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
6. Клуб мекемесінің әдістемелік және редакциялық-баспа қызметі.
Барлық 15 ауылдық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері «Юбилейный» МҮ әдістемелік кабинетімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ай сайын алдын ала дайындалған және таратылған үлгілер бойынша есептер, келесі айдың Жұмыс жоспары және өткізілген іс-шаралардың сценарийлері тапсырылады. Әдістемелік кабинетте ауылдық мәдениет үйінің және клубтардың мәдениет қызметкерлері қолданатын сценарийлердің үлкен іріктеуі бар. Есеп беру кезеңінде әдістемелік бөлім 46 сценарий және концерттік бағдарламалар әзірледі. Әдістемелік жұмыстарды жүргізу кезінде ауылдық клуб және АМҮ қызметкерлерінің тілектері ескеріледі. Бұдан басқа аудандық Мәдениет үйінің әдіскерлері есепті кезеңде барлық ауылдық клубтар мен АМҮ-ге жұмысқа қажетті құжаттамаларды жүргізуге практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін екі рет барып қайтты.
7. Мәселелер.
Ауылда білікті мамандардың жетіспеушілігі, ауылдық клубтарда және АМҮ-де МТБ нығайтуға бюджет қаражаты жеткіліксіз. Сахналық костюмдер, музыкалық аппаратура, аспаптар сатып алуға және мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге қаржыландыруды ұлғайту, сондай-ақ ауылдық клуб мекемелерін компьютерлендіру және телефон байланысын іске асыру қажет.