Қостанай облысының қасиетті объектілері (сипаттамасы бар буклет)

Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама іске асырылуда.  Бұл ел өміріндегі барлық саласын қамтитын ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерінің арасында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы айрықша орын алады.

Киелі нысандар – бұл табиғи ландшафт пен мәдени мұралардың, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар.

Қостанай облысының аумағында мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары бар. «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» Қостанай облысынан жалпыұлттық маңыздағы 10 нысан енгізілген. 28 ескерткіштер мен тарихи орындар жергілікті маңыздағы киелі нысандар тізіміне енгізілді.

Дата публикации
23 июля 2020