«Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы есебі

«Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәлімет.

«Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Первомай ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады. «Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты) миссиясы ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық, материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы Первомай ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі:

- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

- Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату

- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

Мемлекеттік қызметтер Ережеге сәйкес көрсетіледі, толық Тізбемен Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Первомайское ауылы, Советская көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан ауыл әкімі аппаратының ғимаратындағы стендтерде танысуға болады.

Байланыс телефоны: 8 (714-43)9-68-45, е-mail- pervomayso@mail.kz

2022 жылы «Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны -23 құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы болған жоқ, сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуге тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратымен келесі жұмыстар жүргізілуде:

         -Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу

- халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы БАҚ және ақпараттық стенділер арқылы уақтылы хабардар ету;

- түсіндіру сипатындағы іс-шараларды жоспарлау;

- БАҚ-та және Меңдіқара ауданы әкімінің сайтында жариялау;

- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру.

 

 

Дата публикации
24 марта 2023