«Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызметінің есебі

«Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (бұдан әрі –Бөлім) сәулет қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Заңды мекен-жайы: Боровское ауылы, Королев көшесі, 5 үй. Байланыс деректері: 8(71443)2-45-24; 8 (71443) 2-42-33.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Бөлім келесі мемлекеттік қызметтер түрлерін ұсынады:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»;
  2. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;
  3. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»;
  4. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру»;
  5. «Ақша тартуға рұқсат беру»
  6. «Тұрғын ұй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру»

2022 жылы Бөлім 80950 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде ЖАО-0, ХҚКО-216, ЭҮП-80734, оның ішінде:

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру-80873 (ХҚКО - 216, ЭҮП - 80657);

- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну-33 (ЭҮП);

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу–23 (ЭҮП);

- «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» 21 (ЭҮП);;

- Ақша тартуға рұқсат беру – көрсетілген жоқ.

- Тұрғын ұй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру - көрсетілген жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны ішінара автоматтандырылған және автоматтандырылған.

3) 2021 жылы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметі барынша талап етілетін қызмет болып табылады. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға 808736рет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы - 216, ЭҮП арқылы - 80657.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін, Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» стендімен жабдықталған. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында, Меңдіқара ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсының «Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ бөлімінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері  орналастырылды, халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирлер өткізіледі.

2) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабы, 1) және 2) т. сәйкес, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу орталық мемлекеттік органдардың құзіретіне кіреді.  

3) Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен, ыңғайлы болу мақсатында, көрсетілетін қызмет алушыларға «Электрондық үкімет» және ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдем көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
  2. 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.
  3. 2022 жылы бөлім қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоқ.
  4. 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жүргізілген жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
  2. 2021 жылы көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым берген жоқ.
  3. 2022 жылы жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
  4. Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі қызметтерді уақытында және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. Мемлекеттік қызметтердің ай сайынғы мониторингі мен есептілігі жүргізіледі. Бөлім мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

         2022 жылы қызметтердің 99,8% баламалы түрде көрсетілді. 2023 жылға жоспарға сәйкес электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесінің көрсеткішіне 99,9% қол жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің электронды түрлерін насихаттау мақсатында мақалалар жариялау, «дөңгелек үстелдер», түсіндіру іс-шараларын өткізу жоспарланған.

Дата публикации
24 марта 2023