«Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  2022 жылы  мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

          «Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту  туралы» қаулысына сәйкес тегін негізде мемлекеттік қызметтің  6 түрін көрсетеді:

  1. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  3. Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
  4. Жер учаскелерін жеке меншікке бір мезгілде немесе бөліп сату.
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау.

     «Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты»

ММ 2021 жылы   17 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

17 -сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап

етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.

           «Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  ғимараты ақпараттық стендтерінде  мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі орналастырылған, олармен қызметті алушы таныса алады,  сондай- ақ округ тұрғындарының өзіндік жұмысы үшін арналған "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" бар.

           «Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  индекс – 111310,Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Красная Пресня ауылы, Ленин көшесі - 8, мекен бойынша орналасқан. Байланыс телефоны 8 (71443) 3-21-04, электрондық пошта: krasnayapresnya@mail.kz.

        Қызмет алушылардың көрсетілетін  көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында, 2023 жылы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің  аппаратымен БАҚ-та және Меңдіқара ауданының әкімі сайтында жарияланымдар жоспарланған.

Дата публикации
24 марта 2023