Есеп 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі туралы

   Есеп

2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі туралы

 

  1. Жалпы жағдайы:

1)  Қызметті беруші туралы мәліметтер: "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Басқарма Ережесінің 3 тармағына сәйкес «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функцияларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету кіреді. Құқықтық  мекен жайы: Боровское а,   Летунов көшесі, 7. Байланыс телефон: 8 (714-43) 2-43-02.

2)  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/НҚ  "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  (бөлім) мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік қызметтің 13 түрін және  «Меңдіқара ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 4 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді.

2022 жылы бөлім барлығы 1963 мемлекеттік қызмет көрсеті, оның 80-і қағаз түрінде, 102-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», 1775 ж. – электронды үкімет веб-порталы арқылы, 6 мемлекеттік қызмет проактивті арқылы. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) 2022 жылға ең көп сұралатын қызмет:

Жұмыс іздеушілерді тіркеу (Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарға көмек көрсету) – 1086 қызмет;

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 685 қызмет;

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 75 қызмет;

Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу – 56 қызмет.

  1. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру үшін бөлім ғимаратының фойесінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ әкімдіктің ресми интернет-ресурсында ақпараттық стенд жабдықталды. Меңдіқара ауданы тармағынығыда «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылды.

2)  Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабының 1) т.т.сәйкес ,  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындау орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушыларға оларды көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру бойынша мынадай шаралар қабылданды:

1.) өткізілді 2 онлайн -кездесі.

2.) Instagram әлеуметтік желісінде 2 тікелей эфир өтті.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру – жүргізілген жоқ.

2) Есепті кезеңде қызметкерлер біліктілігін арттырудан өткен жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдармен келмеді.

2) 2022 жылы жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылған жоқ.

) Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ай сайынғы мемлекеттік қызметтердің мониторингі және есеп беруі жүргізіледі. Бөлім мамандары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

  1. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары:

Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2023 жылы келесі жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда:

мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтiң уақтылы көрсетiлуiн, қызмет көрсету туралы ақпараттың болуын және қызмет алушыларға қызмет көрсетудiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету.

 

 

 «Меңдіқара ауданының жұмыспен

 қамту және әлеуметтік бағдарламалар

 бөлімі»   ММ басшысы                                                                          В. Гребенюк

Дата публикации
24 марта 2023