«Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

«Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  2022 жылы  мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

          «Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту  туралы» қаулысына сәйкес тегін негізде мемлекеттік қызметтің  6 түрін көрсетеді:

  1. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  3. Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
  4. Жер учаскелерін жеке меншікке бір мезгілде немесе бөліп сату.
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау.

     2022 жылы «Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілген – 8 мемлекеттік қызмет:

4 қызмет көрсету (сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықтарды алу).

4 қызмет (атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (отбасына) тиесілігін растайтын анықтама беру).

           «Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  ғимараты ақпараттық стендтерінде  мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі орналастырылған, олармен қызметті алушы таныса алады,  сондай- ақ округ тұрғындарының өзіндік жұмысы үшін арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар.

           «Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  индекс – 111305,Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Введен ауылы, 1 Мая көшесі - 18, мекен бойынша орналасқан. Байланыс телефоны 8(71443)97-2-91, электрондық пошта: vvedenka2@mail.kz.

        Қызмет алушылардың көрсетілетін  көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында, 2023 жылы Введен ауылдық округі әкімінің  аппаратымен БАҚ-та және Меңдіқара ауданының әкімі сайтында жарияланымдар жоспарланған.

Дата публикации
24 марта 2023