«Боровское ауылы әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат

«Боровское ауылы әкімінің аппараты» ММ

2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұғымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген - бұл көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық және материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Боровское ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызметтердің алты түрі көрсетіледі – олар «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сат», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» және де «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау».

2022 жылы 145 мемлекеттік қызмет көрсетілді: Елді мекендегі құрылыс бойынша 5 қызмет, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге 14 қызмет, жер учаскесін жеке меншікке сату бойынша 1 қызмет. 2022 жылы ең көп сұранысқа ие келесі мемлекеттік қызметтер: «Жер учаскесіне құқықтар алу» - 38 қызмет және « Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 87 қызмет.

Ауыл әкімінің аппаратымен жеке және заңды тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша, Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік қызметті электрондық үкімет веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы жоспарлы жұмыс жүргізілді. Көрсетілген кезеңде аудандық «Меңдіқара үні» газетінде 1 мақала жарияланды, Instagram-да төрт тікелей эфир өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат тұрақты негізде аудан әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылған, мерзімді түрде ауыл әкімі аппаратының Instagram-дағы ресми парақшасында да орналастырылады. Әкімдік ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, негізгі ұғымдар, Жалпы ережелер, Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдың сипаттамасы мен тәртібі көрсетілген стенд бар. Қызмет алушыларда мемлекеттік қызметті электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе ауыл әкімінің аппаратына жүгіну арқылы алу мүмкіндігі бар. Әкімдікке жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсетудің қағаз және электрондық нысандары да қолжетімді болады. Қағаз түрінде көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына қосымшаға сәйкес жазбаша өтініш беруді білдіреді. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін жасау үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Өткен кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ, өйткені халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері «Боровское ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.

Дата публикации
24 марта 2023