Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп беруі
Қоғамдық қызметтерді ұсыну бойынша өз қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен басшылық жасайды.
«Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мына мекенжай бойынша орналасқан: индекс 111315, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Қозыбаев 12 үй мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс телефоны: 8 (71443) 3-46-25, электронндық пошта: akimteniz@mail.kz
Бұл есеп «Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ашықтығы мен есеп берушілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мақсатында құрылған.
«Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес тегін негізде мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
«Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызметтер стандарттарын және мемлекеттік қызмет көрсету регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
- мемлекеттік қызметтерді алған кезде мүгедектер үшін қажетті жағдайлар жасау;
- қызмет алушыларға қол жетімді нысанда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпарат беру.
«Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады; – «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» «Е- лицензирование» порталы арқылы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, мемлекеттік тіркелу регистрі, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны, ақпараттық стендтерде қызмет алушыларға қызмет көрсететін қол жетімді жерде орналастырылады.
Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында халықпен электрондық цифрлық қолтаңбаларды ашу және «egov» электрондық үкіметін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, үйден шықпай-ақ қандай да бір мемлекеттік қызметтерді алу туралы брошюралар ақпаратпен таратылуда.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады. «Электрондық үкімет» порталынан түскен өтініштер уақытылы өңделді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар, мемлекеттік қызмет бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіруге қатысу, сондай-ақ өз бетімен білім алу арқылы білім деңгейін арттыру.
Ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылаудың нəтижесінде ешқандай бұзушылық анықталмады.
Мемлекеттік қызмет көрсету шарттары бұзылмады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ . Мемлекеттік қызметтердің ай сайынғы мониторингі мен есептілігі жүргізіледі. Мамандарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін электрондық үкімет порталы арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін аудару жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Жалпы, 2023 жыл ішіндегі жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталады.