2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕП

2022 жылға мемлекеттік  қызмет көрсету мәселесі бойынша «Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметі туралы

ЕСЕП

 

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру». Электрондық және қағаз нұсқада көрсетіледі. 2022 жылы 602 қызмет электрондық нұсқада және 33 қызмет қағаз нұсқада көрсетілді.
  2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру». Электрондық және қағаз нұсқада көрсетіледі. 2022 жылы 139 қызмет электрондық нұсқада және 1 қызмет қағаз нұсқада көрсетілді.
  3. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу». Электрондық және қағаз нұсқада көрсетіледі. 2022 жылы 420 қызмет электрондық нұсқада және 17 қызмет қағаз нұсқада көрсетілді.
  4. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, қайталама кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру». ХҚКО немесе тікелей ЖАО арқылы қағаз нұсқада көрсетіледі. 2022 жылы осы түрінің 72 қызметі көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-қа дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-қа дейін көрсетіледі. Өтініш берген кезде өзіңізбен құжаттардың толық пакеті болуы қажет. Құжаттар тізімі бөлімнің ақпараттық стендінде орналастырылған. Құжаттардың толық пакеті болмауы немесе құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. Электрондық түрде өтініш беру үшін машина иелерінде ЭЦҚ кілті болуы қажет.

 

 

 

Дата публикации
24 марта 2023