2022 жылға дейін «Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мемлекеттік қызмет көрсетілу мәселесі бойынша есеп беру

2022 жылға дейін «Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мемлекеттік қызмет көрсетілу мәселесі бойынша есеп беру

  1. Жалпы ереже

    1) «Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президент актілерімен, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституция негізінде ауылдық округі әкімінің материалды – техникалық және де ақпараттық – сараптамалық, ұйымдастырушы – құқықтық салалар бойынша қызметін қамтамасыз етіп,сонымен қатар    2 пункттің 17 қосымша пунктіне сәйкес  «Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бойынша Меңдіқара ауданы әкімшілігінің  2017 жылғы 16 тамыздағы №158 бекіткен  қаулысы негізінде қызмет атқарады.Архитектуралы – қалақұрлысықызметінің саласындағы мемлекеттік қызмет қызмет көрсетудегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Заңды мекен – жайы: Молодежное селосы,Ленин көшесі, 7 үй.Байланыс телефоны: 8(71443)3-41-82.

       2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/ҰК бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді

  1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру»
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
  5. «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»
  6. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»

2022 жылы электрондық лицензиялау порталы арқылы:

9 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» жөніндегі қызметтер. (1 бас тарту)

1 «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» жөніндегі қызмет. (1 бас тарту)

1 «елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» жөніндегі қызмет

1 «жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» жөніндегі қызмет

Барлық қызметтер белгіленген мерзімде көрсетілген.

                3) Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы Мемлекеттік қызмет нәтижесін                       

басып шығару үшін интернетке шығатын жұмыс компьютерімен және принтермен қамтамасыз етілген. Қызмет көрсету аймағы күту аймағымен (орындықтар), өзіне-өзі қызмет көрсету аймағымен (жұмыс орны), өтініш үлгілері бар папкамен, шағымдар мен ұсынымдар кітабымен қамтамасыз етілген.

 

  1. Қызметалушылармен жұмыс туралы

         1)Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі туралы ақпараттардың қолжетімді  орны ауылдық округінің әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стенд болып табылады.Стендта: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы,  «Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысы, мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапты қызметкерлерді бекіту туралы және ауылдық округінің әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттары тізілімі туралы ақпараттар орналастырылған.

          Барлық қолжетімді ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі.Толық тізбені Меңдіқара ауданының интернет – ресурсынан, Меңдіқара ауданы Молодежное ауылы Ленин көшесі 7 мекен – жайы бойынша орналасқан ауылдық округінің әкімі аппараты ғимаратындағы стендта танысуға болады, байланыс телефоны 8(71443)34182, электронды пошта: akimаt1230515@mail.ru

         Жауапты қызметкерлердің жинақтау файлды папкасында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары, регламенттері мен өтініш үлгілері және барлық мемлекеттік қызметтер көрсету түрлері бойынша жеке папкалар жинақталған.

         2) № 88 –V 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңының 10 бабының 1 және 2 пунктіне сай келісімен орталықтандырылған мемлекеттік органдар - жергілікті атқарушы органдар құзырындағы  қызмет көрсетудің сапасын арттыру,әкімшілік – аумақтық бірлікте сәйкес аумақтарда  қызмет көрсетудің қолжетімділігіне  мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеп және бекітеді,  соған байланысты стандарттар есеп беру мерзімдерінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобасы жариялы түрде өткізілген жоқ.

         3)Мемлекеттік қызмет көрсетудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында 1 іс – шара өткізілді (кездесулер, жергілікті қоғам жиналысы, кеңесулер,құқықты жалпы білім беретін мектепте отырыстар).Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шарасына 192 адам қатысты.

3.Мемлекеттік қызмет көрсетудегі үрдістердің жоғарғы деңгейдегі қызметтері

         1)Қолданыстағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  заңнаманы түсіндіру мақсатында аудан және ауыл деңгейінде құқықты жалпы білім беру мектептерінде отырыстар және де қызметкерлердің біліктілігін және сонымен қатар білімділік деңгейін арттыруға бағытталған іс – шаралар өткізіліп тұрады.

2)2022 жылы 14-16 наурыз аралығында аппарат қызметкері «мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» семинарына қатысты.

         3) 2022 жылы ауылдық округінің әкімі аппаратында нормативті -  құқықтық мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары  үрдісі өткізілмеді.

4.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

         1).2022 жыл бойынша ауылдық округінің  әкімі аппаратына қызметалушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

         2).Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын іштей бақылаудың нәтижесінен тәртіп бұзушылық  анықталған жоқ.

         3).Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылайтын және  бағалайтын құзырлы органдармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қоғамдық мониторингтер  өткізілген  жоқ.

         4).Тиімділікті бағалаудың бір өлшемі уақытылы  және сапалы қызмет көрсету  - азаматтардың қанағаттандыруын арттырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша заң бұзушылық болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бөлім мамандарына шағым түскен жоқ.

 

5.Қызметалушыны қанағаттандыруын арттыруда және алдағы уақыттағы перспективалық тиімділігі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету

 

         Ауылдық округінің әкімі аппаратының  мемлекеттік қызмет көрсетудегі қызметалушыны қанағаттандыруын арттыруда және алдағы уақыттағы перспективалық тиімділігіне келесі пункттер кіреді:

- ауылдық округінің әкімі аппаратының қызметін  заңдылық, нәтиже, айқындылық, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, қызметалушыға  беретін құжаттар тізімін, қызмет көрсету сатыларын қысқарту және автоматизация  принциптеріне сүйену арқылы қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі бойынша іс – шаралар жоспарын жасап шығару,ішкі бақылау,мемлекеттік қызмет көрсетудегі процестің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 2023 жылға түсіндіру бағытында 4 іс – шаралар өткізу жоспарланды, 2  жұмыс БАҚ орындарына.

-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру

 

 

Дата публикации
24 марта 2023