Проект постановления "Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в населенных пунктах Мендыкаринского района"

«Меңдіқара ауданының елді

мекендерінде стационарлық емес

сауда объектілерін орналастыру

орындарын бекіту туралы»

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меңдіқара ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етеді:

    1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;

    2)  осы шешімді Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.   

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                                              2020 жылғы «___»_____  № ____

                                                         әкімдігінің қаулысына

                                  қосымша

 

 

Меңдіқара ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

№ р/с

 

Елді мекеннің атауы

Орналасқан орны

1

Алешин ауылы

Центральная көшесі № 46, медициналық пункт ғимаратының жанында

2

Боровское ауылы

Омская көшесі № 2

3

Қаскат ауылы

Школьная көшесі № 24 үй, «Қазпошта»АҚ ғимаратының жанында

4

Краснопреснен ауылы

Ленин көшесі № 9, Краснопреснен ФАП жанында (фельдшерлік-акушерлік пункт)

5

Введен ауылы

Қонаев көшесі № 3, «Қазпошта» АҚ ғимаратының жанында

6

Қарақоға  ауылы

Қ. Рыскүлбеков көшесі № 5, пошта ғимаратының жанында

7

Буденнов ауылы

Достық көшесі № 3, «Меридиан» МҮ жанындағы алаң»

8

Первомай ауылы

Советская көшесі №1

9

Харьковское ауылы

Центральная көшесі № 28, ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының жанында

10

Теңіз ауылы

Қозыбаев көшесі № 12 ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына іргелес алаң

11

Михайлов ауылы

Ленин көшесі № 85, «Восток-1» ЖШС кеңсесінің жанында

Проект постановления "Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в населенных пунктах Мендыкаринского района"
Дата публикации
15 июня 2020