1. Жалпы ережелер
1. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі ішкi саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің мынадай ведомствосы бар:
«Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмiнің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесi, 5.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Мендіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Мендіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Мендіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - жастар саясаты және ішкі саясат саласындағы әкімшілік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Казақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актiлерi мен тапсырмаларына сәйкес «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құзыретіндегі мәселелер бойынша ауданда мемлекет iшкi саясатының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының орындауды қамтамасыз ету және iске асыру;
2) аудан аумағында діни, жастар, ауданның үкіметтік емес бірлестіктеріне қатысты мемлекеттің саясатын жүйелі жүзеге асыру, саяси партиялармен байланысын жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) ішкі саясат сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) жастар саясатын iске асыру, ауданның жастар бiрлестiктерi жұмысына ықпал ету және үйлестiру;
3) саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бiрлестiктермен, құқық қорғау, дiни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
4) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолдану;
5) дін істері, жастар саясаты жөніндегі аудандық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың ішкі саясаттың түрлі аспектілері бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
6) аудан аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
7) ішкі саясат саласындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
лауазымдық міндеттерін таратады және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жазалар қолданады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
«Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
21. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып
алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi»мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
24. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда мүлкі құрылтайшының балансына ауысады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.