Первомай ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 Первомай ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 1-бөлім. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер

 01.01.2020 жылғы жағдай бойынша Первомай селолық округінің халық саны 2483 адамды құрайды, отбасы саны – 692, аула саны – 925.

  Ауыл шаруашылығы

2020 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша мал басы: ІҚМ – 2487 бас., жылқы-932 бас., Ұсақ мал – 867 бас., шошқа-648 бас. құстар-8517 дана.

Ауылдық округтің жалпы аумағы-62,8 мың га. Оның ішінде: егістік – 42,8 мың га, жайылым-5,5 мың га, елді мекендердің жерлері-5,3 мың га.

Кәсіпкерлік

Ауылдық округ аумағында 111 шағын және орта бизнес нысандары тіркелген, оның ішінде 16 сауда нысаны, 6 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны (такси, шаштараз, ТҚС, ағаш цехы және т.б.). Сондай - ақ, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын 2 наубайхана ("Егін" ЖШС және Отарбаев Н.) өңдеуші өнеркәсіп субъектілері жұмыс істейді.

   Білім беру

Первомай ауылдық округінің аумағында 4 мектеп бар:

- Первомай ауылындағы орта мектеп-294 оқушы, мектепке дейінгі мекемеде 30 бала және шағын орталықтарда 60 бала. Орыс тілінде оқытатын мектеп.

- Долбушка ауылындағы негізгі мектеп-21 оқушы, мектепке дейінгі 3 оқушы. Орыс тілінде оқытатын мектеп.

- Лесное ауылындағы негізгі мектеп-23 оқушы, мектепалды даярлық сыныбындағы 8 оқушы және шағын орталықтағы 10 бала. Орыс тілінде оқытатын мектеп.

- Ивановка ауылындағы бастауыш мектеп-19 оқушы, мектепалды даярлық сыныбындағы 2 оқушы және шағын орталықта 6 бала. Орыс тілінде оқытатын мектеп.

Денсаулықсақтау

Ауылдық округ тұрғындарына медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі:

- Первомайское ауылында дәрігерлік амбулатория, онда 1 дәрігер және 6 медицина қызметкері жұмыс істейді. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін медициналық көмек автомобилі, 1 күндізгі төсек орын бар.

- Долбушка, Лесное, Ивановка ауылдарындағы медициналық пункттер, онда 3 ставка медицина қызметкері.

2- бөлім "Первомай ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары»

Түсімдер

Первомай ауылдық округінің бюджеті кірістер бойынша 2020 жылға – 42761,0 мың теңге сомасында, 2021 жылға - 66207,0 мың теңге сомасында, 2022 жылға-24193,0 мың теңге сомасында белгіленді.

Ауыл бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 331 шешімімен бекітілген, 2020 жылға 21732,0 мың теңге, 2021 жылға - 16071,0 мың теңге, 2022 жылға-16272,0 мың теңге сомасында.

                                                                                                 мың.теңге

Атауы

2020 жыл (жоспар)

2021 жыл (болжам)

2022 год (болжам)

Кірістер, оның ішінде:

42761,0

66207,0

24193,0

Салықтық түсімдер

2884,0

7847,0

7882,0

Салықтық емес түсімдер

38,0

39,0

39,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

 

 

 

Трансферттер түсімі, оның ішінде:

39839,0

58321,0

16272,0

 Субвенция

21732,0

16071,0

16272,0

Трансферттер

   18107,0

42250,0

-

2020 жылға арналған ауыл бюджетінің кірістер болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 2922,0 мың теңге сомасында анықталды.

Салықтық түсімдерге жатады:

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 550,0 мың теңге немесе 19,1 %;

Мүлік салығы-247,0 мың теңге немесе 8,5%;

Жер салығы-335,0 мың теңге немесе 11,6%;

Көлік құралдарына салық-1752,0 мың теңге немесе 60,8%.

Салықтық емес түсімдерге жатады:

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер – 38,0 мың теңге немесе осы санат бойынша жалпы түсімнің 100%.

2021 жылға арналған ауыл бюджетінің кірістер болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 7886,0 мың теңге сомасында анықталды.

2022 жылға арналған ауыл бюджетінің кірістер болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 7921,0 мың теңге сомасында анықталды.

Субвенциялар (бюджеттік қаржылар берілетін жергілікті бюджет есебінен) құрайды, 2020-2022 жылдарға арналған 21732,0 мың теңге, 16071,0 мың теңге және 16272,0 мың теңге сәйкесінше.

Шығындар

Первомай ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған шығыстары 2020 жылға – 42761,0 мың теңге, 2021 жылға – 66207,0 мың теңге, 2022 жылға – 24193,0 мың теңге сомасында анықталды.

                                                                                                  мың.теңге

Атауы

2020 жыл (жоспар)

2021 жыл (болжам)

2022 жыл (болжам)

Шығындар

42761,0

66207,0

24193,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

18110,0

18186,0

18258,0

Білім беру

2534,0

786,0

800,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2910,0

2985,0

3035,0

Көлік және коммуникация

1100,0

2000,0

2100,0

Басқалар

18107,0

42250,0

-

 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 Осы топ бойынша 7 бірлік штат санымен  Первомай селолық округі әкімінің аппаратын ұстауға шығындар қарастырылған.

Іс-шаралар атауы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

18110,0

18186,0

18258,0

 Білім беру

Білім беру саласындағы шығыстар 2020 жылы шығыстардың жалпы көлемінің 5,9% – ын немесе абсолюттік мәнде 2534,0 мың теңгені, 2021 жылға – жалпы шығыстардың 1,2% - ын немесе 786,0 мың теңгені, 2022 жылы-жалпы шығыстардың 3,3% - ын немесе 800,0 мың теңгені құрайды.

Іс-шаралар атауы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Оқушыларды жақын мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру

2534,0

786,0

800,0

Осы бағдарлама бойынша балаларды Ивановка бастауыш мектебіне дейін Чернышевка ауылынан Ивановка ауылына дейін 5,5 км. 6 оқушы жеткізу жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 8930,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде 2020 жылға – 2910,0 мың теңге, 2021 жылға – 2985,0 мың теңге, 2022 жылға – 3035,0 мың теңге.

2020-2022 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары.

                                                                                                         мың.теңге

Іс-шаралар атауы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

200,0

200,0

220,0

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1950,0

2000,0

2000,0

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

760,0

785,0

815,0

Көлік және коммуникация

Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар елді мекендердің ұзындығы 31 км жолдарын күтіп ұстауға бағытталатын болады және 2020-2022 жылдарға құрайды:

                                                                                               мың.теңге

Іс-шаралар атауы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1100,0

2000,0

2100,0

Басқалар

Арнайы жоба

"Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында Первомай ауылының көшелеріне орташа жөндеу жүргізуге шығындар жоспарланған

                                                                                                мың.теңге

Іс-шаралар атауы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

"Ауыл – Ел бесігі" шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру (Первомайс  а. көшелерін орташа жөндеу)

18107,0

42250,0

-

Первомайское а. Парковая к. учаскесін орташа жөндеу

3 931,0

9 172,0

 

Первомайское ауылы Советская көшесін орташа жөндеу

7 061,0

16 475,0

 

Первомай ауылы Нұрғалиев көшесін орташа жөндеу

3 280,0

7 654,0

 

Первомайское ауылы Пушкин көшесін орташа жөндеу

3 835,0

8 949,0

 

 

Первомай ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
29 мая 2020