Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меңдіқара ауданы аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Меңдіқара ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 3 «Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5377 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
3. «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Қатарбеков