Меңдіқара ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
2022 - 2024 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне және 2022 - 2026 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік - экономикалық даму болжамы мен Қазақстан халқына Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауына сәйкес жүзеге асырылған.
Облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 455 «Қостанай облысының облыстық бюджеті және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» шешімімен бекітілген.
Меңдіқара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы № 130 шешімімен мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 67 «Меңдіқара ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізілген.