Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының негізінде:
- 2022 жылғы 3 мамырдан 2022 жылғы 14 маусымға дейін ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынш «Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (ММ) 2021 жылғы қазаны мен 2022 жылдың мамыр кезен аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жауапты «Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Мәдина Біржанқызы Байманова тағайындалсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық Қарақоға ауылдық округінің әкімі Тлеуғабыл Мәрденұлы Дүйсеновке жүктелсін.
Т. Дүйсенов