«Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы
Ж.М. Таженоваға
«Меңдіқара ауданы әкімдігінің
мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Боровское а. 2022 жылғы 16 мамыр
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың (бұдан әрі – Талдау) объектісі «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) қызметі болып табылады.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы 1 сәуірден 2022 жылғы 16 мамырға дейін.
Талданатын кезең: 2021 жылғы 1 қыркүйек – 2022 жылғы 31 наурыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құжаттарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
2.1. Персоналды басқару.
Мемлекеттік қызмет:
Штат саны - 4. Нақты саны – 4. Бос орындар - 0.
Қызметке қабылданды: 01.09. - 31.12.2021 ж. - 1 қызметші, 01.01. - 31.03.2022 ж. - 0.
Жұмыстан босатылғандар: 01.09. - 31.12.2021 ж. - 0 қызметші, 01.01. - 31.03.2022 ж. - 0.
Теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар - 0.
Тағылымдама: 31.03.2022 ж. - 0 қызметші.
Барлық мемлекеттік қызметшілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде тағайындалған.
Барлық мемлекеттік қызметшілер Бөлімнің әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Тәртіптік жазаға Бөлім қызметкерлері тартылмаған.
Спорт саласы бойынша қызметкерлердің штаттық саны – 12,5 бірлік нақты – 13. Бос жұмыс орындары – 1 (Теңіз а/о дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы).
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын жүзеге асыру мақсатында, Қостанай облысы мәслихаты сессиясының шешімімен 2021 жылдың қазан айынан бастап ауылдық округтерде спорт нұсқаушыларының ставкалары бөлінді.
Қызметке қабылданды: 01.09. – 31.12.2021 ж. - 12 қызметші, 01.01. - 31.03.2022 ж. - 1.
Жұмыстан босатылғандар: 01.09. – 31.12.2021 ж. - 1 қызметші, 01.01. - 31.03.2022 ж. - 1.
Қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылған жоқ.
Бөлімнің штаттан тыс қызметкерлерінің штат саны – 2,76 бірлік, нақты – 5. Бос орындар – 0. Қабылданды - 0, жұмыстан босатылды - 0.
Бөлім басшысының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 58-ж/қ бұйрығына сәйкес Бөлім бухгалтер-статисті А.А. Алёшинаның тәртіптік жазасы (ескертуі) алынып тасталды.
Бос орын туралы ақпарат Enbek.kz сайттында орналастырылады.
Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Талдау жұмысы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және жақын туыстарының бірлескен жұмысы тұрғысынан қызметкерлердің жеке істері іріктеліп зерделенді. Бөлімде шектеулерді сақтамау немесе жақын туыстардың бірге қызмет ету фактілері анықталған жоқ.
Ағымдағы кезеңде кадрлық шешімдер қабылдауға шағымдардың және кадр мәселелері бойынша шағымдардың болуы түскен жоқ.
2.2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Бөліммен спорт бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсету қарастырылған:
1) екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру;
2) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру;
3) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру.
2022 жылдың 1 тоқсанында разряд беру бойынша 6 қызмет келіп түсті. 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
2.3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Есепті кезеңде заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті.
Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Бөлім қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдар (жарияланымдар) зерттеліп отырған кезеңде құрылымдық бөлімшелер мен оның қызметкерлерінің атына жағымсыз материалдар, айтылған сөздер тіркелмеген.
Қорытынды мен ұсынымдар.
Бөлімде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың одан әрі алдын алу мақсатында қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындау бөлігінде жауапкершілігін арттыру жұмысын жалғастыру, заңнаманы бұзуға жол бермеу.
Бөлімнің бас маманы А. Қиялов