Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
талдауды жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «Меңдіқара ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 16 мамыры аралығында 2021 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың наурыз кезеңі үшін «бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- «Меңдіқара ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы Серік Сейілханұлы Аяповты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып тағайындалсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижесіне басшылықты, үйлестіруді және жауапкершілікті өзіме қалдырамын.
Басшы Н. Гулаков