|
2022 жылы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін бекіту туралы
|
|
|
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес:
- 2022 жылы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Мемлекеттік мекемелердің басшылары, Боровское ауылы және
ауылдық округтер әкімдері белгіленген тәртіпте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, үйлестіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыс нәтижелеріне
жауапты лауазымды тұлғаларды айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы актілер қабылдасын.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдары бар мемлекеттік мекемелер ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу кестесін бекітсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Ғ. Бекбаев