№ 2 2022 жылғы «15» сәуірдегі
ҚАУЛЫ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Меңдіқара аудандық мәслихатының депутатын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14,45,46-баптарына, 111-1-бабының 5,6-тармақтарына және 112-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меңдіқара аудандық мәслихаты депутатының босатылған мандаты «AMANAT» ПАРТИЯСЫ» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Овчарова Ольга Николаевнаға берілсін.
- Меңдіқара аудандық мәслихатының депутаты болып Ольга Николаевна Овчарова тіркелсін.
- Ольга Николаевна Овчароваға тиісті куәлік және белгіленген үлгідегі төсбелгі тапсырылсын.
- Меңдіқара аудандық мәслихатының депутаты Ольга Николаевна Овчарованы тіркеу туралы осы қаулы Меңдіқара аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы В. Король
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Т. Алексеева