Меңдіқара ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауларын, индекстерін және тізбесін бекіту туралы

Меңдіқара ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауларын, индекстерін және тізбесін бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы                     Заңының  3-бабының 7-тармағына, 6- бабының 2- тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меңдіқара ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері мен тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

         2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

           Лауазымы                                                                                Аты-жөні                                                                                                    

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________________ О. Нұрғалиев

2022 жылғы «____ » _____________

Меңдіқара ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауларын, индекстерін және тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
07 апреля 2022