Бюджеттік бағдарлама
«Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 453
2022-2024 жылдарға арналған
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:099«Мамандарға әлеуметтік қолдауды көрсету бойынша шараларды іске асыру»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Тимашова Надежда Васильевна-басшы
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген, Меңдіқара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 67 «Меңдіқара ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі.
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай - аудандық
мазмұнына қарай - мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және одан шығатын мемлекеттік қызметтерді көрсету
іске асыру тәсіліне қарай - жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму - ағымдағы
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру.
Бюджеттік бағдарламаның түпкі нәтиже:100 астам есептік көрсеткіш көлемінде ауылдық елді мекендерге келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешеннің 30 маманына көтерме жәрдемақы төлеу, бюджеттік кредит қызмет көрсетуге комиссиялық марапатау төлемі 2,5 % мөлшерінде.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы(негіздемесі):ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.