Бюджеттік бағдарлама «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 453 2022-2024 жылдарға арналған

Бюджеттік бағдарлама

«Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 453

2022-2024 жылдарға арналған.

 

Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы: 006«Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер»

Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Надежда Васильевна Тимашова-басшы

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларынұсыну ережесін бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 «Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламаларды) бекіту (қайта бекіту) және олардың мазмұнындағы талаптарды әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Меңдіқара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 67 «Меңдіқара ауданының 2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі,  Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 170 қаулысымен бекітілген «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі.

Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай- республикалық

мазмұнына қарай - мамандарға бюджеттік кредиттер беру.

шығатын мемлекеттік қызметтерді көрсету

іске асыру тәсіліне қарай - жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму- ағымдағы

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдауын көрсету.

Бюджеттік бағдарламаның түпкі нәтиже:Ауылға жұмыс істеу үшін келген 10 маманға мемлекеттік қолдау есебінен кадрлық әлеуетін көтеру. Тұрғын үйді салу  немесе сатып алу үшін 1500 астам есептік көрсеткіш сомасында бюджеттік кредиттер беру.

Бюджеттік бағдарламаның  сипаттамасы (негіздемесі):Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын бюджеттік кредитті беру түрінде ұсыну.

Бюджеттік бағдарлама «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 453 2022-2024 жылдарға арналған
Дата публикации
01 апреля 2022