Бюджеттік бағдарлама «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 453 2022-2024 жылдарға арналған

Бюджеттік бағдарлама

«Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 453

2022-2024 жылдарға арналған.

 

Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы: 001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Тимашова Надежда Васильевна - басшы

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35, 56, 73 баптары, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу нөмірі № 42587, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 «Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламаларды) бекіту (қайта бекіту) және олардың мазмұнындағы талаптарды әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Меңдіқара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 67 «Меңдіқара ауданының 2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі,  Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 170 қаулысымен бекітілген «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі.

Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне тәуелді - аудандық

мазмұнына тәуелді - мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және одан шығатын мемлекеттік қызметтерді көрсету

жүзеге асыру тәсіліне тәуелді - жеке бюджеттік бағдарлама.

ағымдағы/даму - ағымдағы.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

Мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру, 3 жылдық кезеңге аудан бюджетін әзірлеу және бекіту, аудандық бюджетті нақтылау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ұсыныстар өңдеу, аймақтық деңгейде экономикалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

Бюджеттік бағдарламаның түпкі нәтиже: бөлімге жүктелген функциялары мен міндеттерін тиімді орындау үшін, 4 бірлік санында штат санын ұстау. Аудандық мәслихатқа бекітуге арналған енгізу үшін аудандық бюджеттің жобасын құрастыру.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): оған жүктелген мемлекеттік функцияларды  орындау және кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерді олармен бекітілген ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органның қызметіне жетуге бағытталған бюджеттік саясатты іске асыру.

Бюджеттік бағдарлама «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 453 2022-2024 жылдарға арналған
Дата публикации
01 апреля 2022