Мендіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Меңдіқара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Меңдіқара ауданының әкімі ШЕШТІМ:

  1. Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Мендіқара ауданы әкімінің «Мендіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 12 қазандағы № 4(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9494 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мендіқара ауданыәкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шешім жобасы
Дата публикации
24 января 2022