"Меңдіқара ауданының Буденный ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі-Аппарат) Меңдіқара ауданының Буденный ауылдық округінің аумағында өз қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аппараттың штат саны 6 адам, оның ішінде – 3 мемлекеттік қызметші, 3 штаттан тыс қызметкер.
Буденный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 2-р өкіміне сәйкес аппаратта 2021 жылғы қаңтардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2021 жылғы 25 маусымнан 27 маусымға дейін мынадай бағыт – Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырылады.