«Меңдіқара ауданы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты    

«Меңдіқара ауданы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы осы стандарты «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленді.

         1.1 Қоғамдық қатынастар саласының атауы: жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Меңдіқара ауданы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің.
  2. қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық қағидалары:

         3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

         Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық принципін басшылыққа алу;

         Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру;

         азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңдымүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында беогіленген тәртіппен және мерзімдерде карауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

         лауазымдық өкілеттіктерін  жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни берлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;

         лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жекеөмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанды, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

         мүдделер қақтығасы туындауының кез-келген мүмкіндігін болдырмау жөнінен шаралар қабылдауға.

         3.2 Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

         мүддерлер қақтығасына жол бермеу, ол туындаған кезде заңнамаға сәйкес жою бойынша шара қолдану.

         мемлекеттік қызметшінің құзырежіне кіретін шешім шығару кезінде, заңда көрсетілген өзінің міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

         өз өкілеттіліктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

         еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану қызметтік міндеттерін алалықсыз және нарықы атқару жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

         3.3 Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар даярлау кезінде.

         Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңын қатаң ұстану;

         өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу.

         3.4 Тыныс-тіршілік саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде.

         мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;

         заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық дауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

         іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

         басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

         ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

         басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

         егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрғын басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

         мемлекеттік функцияларын атқарумен үйлеспейтін қазметтер және кәсіпкерлік қызмет атқаруға; cондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алуға;

         лауазымдық құзіреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолдануға.

 

«Меңдіқара ауданы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты    
Дата публикации
15 июня 2021