Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету іс-шаралары туралы
есебі.
«Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады;
2020 жылы «Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ - 4965 мемлекеттік қызмет көрсетті: (ЭҮП) электрондық үкімет порталы арқылы халыққа — 140 (ЭЦҚ) электрондық – цифрлік қолы бар анықтама берілді және ҚР аймағында орналасқан жылжымайтын мүліктің мекен — жайына анықтама беру – 4825 анықтама берілді.
«Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Красная Пресня ауылы, Ленин көшесі - 8, индекс – 111310 мекен – жайында орналасқан. Байланыс телефоны 8 (71443) 32104, e-mail: akimkrasnayapresnya@mail.ru.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, мемлекеттік тіркелу регистрі, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны, ақпараттық стендтерде қызмет алушыларға қызмет көрсететін қол жетімді жерде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты мынадай жұмыс атқарады:
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімді бұзбау;
- БАҚ арқылы және Меңдіқара ауданы әкімінің сайтында ақпаратты жариялау;
- (ЭҮП) электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің үлесін көбейту.