2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Мендіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп
"Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді :
- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
-Постановка на очередь на получение земельного участка
- Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу);
-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу.
Мемлекеттік қызметтер бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен қағидаларына сәйкес көрсетіледі, олардың толық тізбесімен Меңдіқара ауданының интернет ресурсында, индекс 111313, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Первомай ауылы, Советская көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан ауыл аппараты ғимаратының стенділерінде танысуға болады.
Байланыс телефоны: 8 (714-43) 9-68-45, е-mail –pervomayso@mail.kz.
2020 жылы "Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 4633 құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы болған жоқ, сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуге тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратымен келесі жұмыстар жүргізілуде:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- БАҚ және ақпараттық стенділер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету;
- түсіндіру сипатындағы іс-шараларды жоспарлау
- БАҚ-та және Меңдіқара ауданы әкімінің сайтында жариялау;
- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру.