|
«Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
|
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің № 95-IV 32,56,73-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына, «Меңдіқара ауданы ауылының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Меңдіқара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 435 шешіміне сәйкес:
«Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру», «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету», «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру», «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу», «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
М. Джафарова
КЕЛІСІЛДІ
«Меңдіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________Н.В. Тимашова