Жетінші шақырылымның Меңдіқара аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Жетінші шақырылымның Меңдіқара аудандық мәслихаты

депутаттарының кезекті сайлау қорытындылары туралы

хабарлама

 

   2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Меңдіқара аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

   Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 15726 азамат енгізіліп, оның 12439 немесе 79.1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

   Дауыс беруге 12434 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 20 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 257 сайлаушы дауыс берді.

   Сайлауға үш саяси партия қатысты.

   Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

   «Nur Otan» партиясы - 10100 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81.44 пайызы;

   «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы  - 1143 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9.22 пайызы;

   Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1158 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9.34 пайызын құрайды.

   Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

   «Nur Otan»  Партиясы – 9;                   

   «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1;

   Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 1.

 

   Меңдіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Жетінші шақырылымның Меңдіқара аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
12 января 2021