Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғау

"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықтың өмір сүру деңгейі мен кірісінің, оның жұмыспен қамтылу, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттырудан тұрады.

Міндеттер:

1) Меңдіқара ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясатын іске асыру, оның дамуына жәрдемдесу;

2) азаматтардың құқықтарын, олардың мүдделерін, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

Функциялары:

1) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, қажетті шаралар қабылдау;

2) тиісті мемлекеттік органдарға есептілікті жасау және ұсыну;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған әлеуметтік  жәрдемақыларды тағайындау және төлеу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін көрсету;

5) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

6) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

Документы
Ақпарат
10 июля 2026
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Қаулы
13 ноября 2025
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
«2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Меңдіқара ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 қазандағы №122 қаулысы
Қаулы
03 декабря 2024
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства на 2025 год
Новости
Полезные материалы
Тұрғын үй көмегін көрсету туралы
Пресс-релиз
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Медиагалерея
1
Адам саудасының құрбаны болмау туралы ақпарат
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады.

Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын   үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге мүмкіндік береді.

Ол үшін Электрондық үкімет порталында авторлық тіркелу,  ЖСН  көрсету және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау» сервисін таңдау керек.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте құқығы бар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, сіз тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз.

Құқықтық негіздердің болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұза отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Сонымен қатар, сіз уақытша тұрғын үй беру мәселесін қарау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге кезекке қою үшін сізге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. www.egov.kz, санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарды қоса беру.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге жататын Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі.:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

1-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;

3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға беріледі;

4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер тұрғын үйге мұқтаж деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады:

1) есепке қою кезінде және тұрғын үйді беру сәтінде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;;

2) есепке қою кезінде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру сәтінде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;;

3) Алып тасталды-ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) өздері тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;;

5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрады;

6) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған кезде шығарылады.

Социальные медиа

Меңдіқара ауданы әкімдігінің инстаграмы
Меңдіқара ауданы әкімдігінің Youtube-арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы