Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 мақсаттары мен өкілеттіктері

 

Мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;

3) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

5) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

6) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, зерттеу және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу;

7) Қазақстан халқының тілдерін зерделеу мен дамыту үшін жағдайлар жасау.

Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

белгіленген тәртіппен Бөлімнің, оның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру.

2) міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

Функциялары:

1) ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

2) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;

3) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;

4) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

5) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйінің мониторингін қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді;

7) облыстың атқарушы органдарына ауылдарды, ауылдық округтерді атау және қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

8) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу    жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

9) ауылда, кентте маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

10)  ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

11) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану  бойынша  жұмыстарын жүргізеді;

12) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

14) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

Документы
Ереже
01 июня 2026
Меңдіқара ауданының әкімдігі
«Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» ММ
«Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Анықтама
22 июня 2023
Аналитикалық анықтама
Хаттама
20 октября 2022
Меңдіқара ауданы Боровское ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының № 9 хаттамасы
Новости
Полезные материалы
Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің БІРЫҢҒАЙ СӨЗДІГі
Мәдениет
Қостанай облысының қасиетті нысандары
Медиагалерея
1
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру бейне блогы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Меңдіқара ауданының әкімдігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меңдіқара ауданы әкімдігінің инстаграмы
Меңдіқара ауданы әкімдігінің Youtube-арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы