Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер қатынастары

Аудан шекарасы шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы аудандық атқарушы органның құзыретіне:

1) Жер кодексінің 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;

1-1) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария Сервитуттарды белгілеу болып табылады;

1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;

2) осы Кодекстің 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

2-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2-2) осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы орталық уәкілетті органға ақпарат беру;

3) Алып тасталды-ҚР 03.07.13 № 124-V Заңымен (ескі қараңыз). ред.)

4) ауылдық атқарушы органдардың қарамағына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиісті өкілді органның бекітуі үшін әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;

5) осы Кодекстің 71-бабының 2-тармағына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу болып табылады;

5-2) елді мекендер аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын халық үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;

6) арнайы жер қорын құру;

7) Алып тасталды-ҚР 10.01.06 № 116-III Заңымен (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (ескі қараңыз). ред.)

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге ұсыну;

8-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

8-2) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

8-3) осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға Мемлекеттік корпорацияға нұсқама жіберу;

9) Алып тасталды-ҚР 13.06.13 № 102-V Заңымен (ескі қараңыз). ред.)

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Документы
Ақпарат
07 октября 2026
2026 жылдың қыркүйек айында   Меңдіқара ауданы бойынша жеке меншікке және жер пайдалануға берілген жер учаскелері туралы ақпарат
Хаттама
07 сентября 2026
2026 жылғы 26.08. жер комиссия отырысының № 12 хаттамасы
Хаттама
07 сентября 2026
2026 жылғы 17.08. жер комиссия отырысының № 11 хаттамасы
Новости
Полезные материалы
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында берілген жер учаскелерінің тізімі
Ауылдық округтер шеңберінде жалға алу құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін қалай алуға болады?

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.

Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген.

Социальные медиа

Меңдіқара ауданы әкімдігінің инстаграмы
Меңдіқара ауданы әкімдігінің Youtube-арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы