«Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады:
- мемлекеттілікті және ұлт бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Қазақстанның даму басымдықтарын, Стратегиясын және өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру мен насихаттау;
- қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау құқығына конкурстар өткізу;
- мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру;
- этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту;
- мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру;
- патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыру, белсенді қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, жастар бастамасын дамыту;
«Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
- Президенттің және Үкіметтің саясатын жүзеге асыру мен түсіндіру, Елбасының жыл сайынғы Жолдауын алға қарай жылжыту және насихаттау бойынша ақпараттық насихаттық жұмысты жүргізу, ақпараттық-насихаттық топтардың қызметін үйлестіру;
- қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға талдау жүргізу, оның дамуын болжау, қоғамдық пікірді зерттеу;
- өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
- 4) қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге әлеуметтік тапсырысты ұйымдастыру;
- діни ағымдар мәселесі бойынша азаматтардың ақпараттануын арттыру бойынша ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу;
- саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, азаматтық қоғам институттарымен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен өзара әрекет ету;
- қаладағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үрдістерді демократияландыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге қатысу;
- қолданыстағы заңнамаға және республиканың саяси бағытына сәйкес қалада әлеуметтік және саяси жарнаманың мазмұны мен безендірілуі бойынша жұмысты үйлестіру;
- жастар қозғалысының дамуымен байланысты жастар ортасында азаматтық жауапкершілікті және қазақстандық патриотизмді дамытуға мүмкіндік беретін іс-шараларды өткізуді үйлестіру;
- этносаралық және конфессияаралық төзімділікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;
- заңнамамен көзделген жағдайларда және тәртіпте коммерциялық емес ұйымдарға қатысты әкімшілік жауаптылық шаралары қабылданады;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату,орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасын бұзған әкімшілік қуқық бұзушылық туралы істерді қарау.