GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
24 сентября 2026
Алешин ауылдық округі әкімінің халықпен кезекті кездесуі.
Әкімдердің есептік кездесулері
30 апреля 2026
Мендіқара ауданы әкімінің Алешин ауылдық округі тұрғындарымен есеп беру кездесуі.
Мемлекеттік қызмет көрсету
халықпен жұмыс
10 апреля 2026
"Құқық кабинеті".

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әр тұрғынға тегін заң көмегін алуға мүмкіндік беретін «Құқық кабинеті» сервисін іске қосады.

 

«Құқық кабинетінде» не істеуге болады?

Кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу.

Өз құқықтары мен міндеттері туралы білу.

Құжаттарды ресімдеуге көмек алу.

Егер сізде заңгерлік мәселелер болса, әкімдікке келіп, «Құқық кабинетінің» қызметін пайдаланыңыз. Бұл барлық тұрғындар үшін ыңғайлы, тегін және қолжетімді.

Әкімдердің есептік кездесулері
19 марта 2026
Алешин ауылдық округі әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі.
Әкімдердің есептік кездесулері
19 марта 2026
Алешин ауылдық округі әкімінің халықпен есептік кездесуі
Әкімдердің есептік кездесулері
08 октября 2025
Алешин ауылдық округі әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі

2025 жылдың III тоқсаны бойынша Алешин ауылдық округі әкімінің есебі

2025 жылдың үшінші тоқсанында Алешин ауылдық округі аумағында сумен қамтамасыз ету, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты негізде бақылауда ұсталады.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында келесі жұмыстар атқарылды:

1. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонына 426 тонна қоқыс шығарылды.


2. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында заңды және жеке тұлғаларға 45 нұсқама берілді.


3. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмаған.


4. Стела, жол белгілері мен билбордтардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы 4 баннер орнатылған, оның ішінде 2 баннер жаңартылды. Ауыл шаруашылығы санағына арналған жаңа баннер орнатылды.


5. Жастар ауылында бір балалар ойын алаңы бар – іргелес аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. «Олжа Боровское» ЖШС жаңа ойын алаңын орнату жұмыстарын бастады. Алёшинка ауылында «Тимотин А.С.» ШҚ жаңа балалар ойын алаңын орнатты.


6. Жастар–Басагаш бағытындағы жолдың 3 шақырымына профилдеу және жол жиектерін шөптен тазалау жұмыстары жүргізілді.


7. Тұрғындар қоршауларды, қақпаларды әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізуде. Қоғамдық құдықтарға косметикалық жөндеу (ағаш қаптаманы жөндеу, сырлау, хлорлау-дезинфекциялау) және ағаштарды кесу, бұтау жұмыстары атқарылды.


8. Тұрғындарға үй іргелес аумақтарын абаттандыру бойынша үнемі ескертулер беріледі.


9. Қоғамдық жұмыстарға 7 адам тартылған.

 

«Таза Қазақстан» акциясы бойынша жұмыстар жалғасуда. Тұрғындар үй іргелес аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Сенбіліктер апта сайын ұйымдастырылып отыр.


---

Бюджет және салық түсімдері

2025 жылға арналған салықтық түсімдердің жоспары – 22 793,0 мың теңге,
III тоқсан жоспары – 27 005,5 мың теңге, нақты орындалуы – 29 194,0 мың теңге (108,1%).

Атап айтқанда:

Жеке табыс салығы – жоспар 2051,0 мың тг, орындалды 2168,7 мың тг (105,7%).

Мүлік салығы – жоспар 160,0 мың тг, орындалды 177,3 мың тг (110,8%).

Жер салығы – жоспар 4,0 мың тг, орындалды 130,0 мың тг (30250,1%).

Көлік салығы – жоспар 4428,0 мың тг, орындалды 4609,2 мың тг (104,1%).

Бірыңғай жер салығы – жоспар 11 938,0 мың тг, орындалды 11 938,0 мың тг (100%).

Жер учаскесін пайдалану төлемі – жоспар 53,0 мың тг, орындалды 406,4 мың тг (766,9%).

Жер сату түсімі – жоспар 0,0 мың тг, орындалуы 0 мың тг.


Салықтық түсімдер ауылдық округ бюджетіне уақытылы және кестеге сәйкес түсуде.


---

Әкім аппаратының қызметі

Әлёшин ауылдық округі әкімінің аппаратының 2025 жылға арналған бюджеті – 35 770,0 мың теңге.
III тоқсанда жоспар 100% игерілді.
Қаражат келесі мақсаттарға жұмсалды:
қызметкерлердің еңбекақысы, міндетті бюджетке төлемдер, коммуналдық қызметтер (көшені жарықтандыру, әкім аппаратының жарығы), жанармай, интернет және байланыс қызметтері.
Ауылдық округ әкімі аппаратында 5 мемлекеттік қызметші және 3 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді.

III тоқсанда 112 кіріс хат-хабар, 32 шығыс құжат тіркелді.
Жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш түсті, қарау мерзімдері бұзылған жоқ.
Азаматтарды екі рет жеке қабылдау өткізілді, ауызша түсіндірмелер берілді, бір тапсырма орындалды.
Ағымдағы тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуда.


---

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы

Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы бар (интернетке шығу мүмкіндігімен).
III тоқсанда барлығы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мерзім бұзушылықтар болған жоқ.
Барлығы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
6 – «Сауда-саттықсыз (аукционсыз) мемлекеттік меншік жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылмаған.

Басшының (маманның) болмау кезеңінде электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін пайдалану фактілері анықталған жоқ.
Электрондық форматта атаулы әлеуметтік көмекке 4 өтініш қаралды.
АӘК 3 отбасына (14 адамға) тағайындалды, қалғандарына түрлі себептермен бас тартылды.

III тоқсанда «E-otinish» жүйесі арқылы 2 өтініш келіп түсті. Қарау мерзімдері бұзылмаған.
Әкім екі рет жеке қабылдау өткізіп, өтініш иелеріне түсініктемелер берді.

халықпен жұмыс
24 сентября 2025
"Халықпен жұмыс : есеп және өзара іс-қимыл"
Таза Қазақстан
22 июля 2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының Алешин ауылдық округі аумағында іске асырылуы.
халықпен жұмыс
20 мая 2025
Презиндекттік жастар кадр резерві

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 - 30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.

Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

халықпен жұмыс
14 мая 2025
Меңдіқара ауданы әкімінің Алешин ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы