Ағымдағы жылдың 23 маусымында Қостанай облысының «Азаматтық альянс «ГрИн»» қоғамдық қорының төрайымы, облыстық мәсихат депутаты Утебаева Динара Қайырбекқызымен бірлесіп, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Елтай Алиби Жангелдыұлымен, сондай-ақ жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы№ 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 25 маусымға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды ішкі талдау қорытындылары бойынша жария талқылауы және тыңдауы өтетін болады.
Жария талқылау нәтижелері МСҚБ басқармасы @mskbb_kostanay Instagram парақшасында жарияланады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тарауына сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ 2026 жылғы 20 мамырдан мен 20 маусымға аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына қаржы және құқықтық жұмыс бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау.
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) 2026 жылғы 3 сәуірден 24 сәуірге дейін басқарманың 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды.
Есеп мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мақсатында дайындалды.
Есеппен:
1) Басқарманың интернет-ресурсында: «Құжаттар» бөлімінде; сондай - ақ «Барлық жаңалық» - «Жарияланымдар» бөлімінде интернет-ресурста түсініктеме беру мүмкіндігі бар «...қызметінің есебі» құжаты;
2) Instagram әлеуметтік желісінде («mskbb_kostanay» аккаунты);
3) тікелей Басқармада (Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112) танысуға болады.
Қоғамдық талқылау келесі жолдармен жүзеге асырылады:
есептің түсініктемелері;
мүдделі жеке және заңды тұлғалардың тікелей қатысуы;
575-115 телефоны бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау (лицензиялау және аттестаттау бөлімі).
Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ осы саладағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
Құрметті облыс тұрғындары!
Осы бапта тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамадағы жаңа өзгерістер қарастырылады.
2026 жылғы 12 наурыздан бастап өзгерістер күшіне енді, оған сәйкес үлескерлермен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар тек қана электрондық нысанда жасалатын болады. Шарт жасалғаннан кейін, бұрынғыдай, облыс әкімдігінде есепке қою үшін «ҚАЗРЕСТР» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркеуге жатады.
Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға үлестік қатысу шартын жасасу арқылы ғана, енді — тек қана электрондық нысанда жол берілетінін есте ұстаған жөн.Брондау шарттары, алдын ала сатып алу-сату шарттары, инвестициялау немесе қаржылық көмек көрсету шарттары сияқты жосықсыз құрылыс салушылар ұсынуы мүмкін өзге де схемалар үлескерлердің қаражатын тартудың заңды нысандары болып табылмайды. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұндай шарттар жарамсыз деп танылады (Заңның 3-бабы).
Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алуға және оны болашақта тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын сақтамай беруге байланысты осындай шарттар жасасуға тыйым салынады (ҚР АК 390-б. 8-т.).
Әдетте, мұндай шарттар қарапайым жазбаша нысанда ғана ресімделеді және «ҚАЗРЕЕСТР» жүйесінде тіркелмейді, бұл қазірдің өзінде ескертуге және мұндай ұсыныстардың заңдылығына күмән туғызуға тиіс.
Көлеңкелі нарыққа қарсы күрес мақсатында үлестік қатысу саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары да қатаңдатылды. Осылайша, Бірыңғай оператордың кепілдігінсіз немесе тиісті рұқсатынсыз жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын тартқан жағдайда, кәсіпкерлік субъектілері 750-ден 2000 АЕК-ке дейінгі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Бұдан басқа, салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің жарнамасын өндіргені, таратқаны және (немесе) орналастырғаны үшін үлескерлердің қаражатын тартуға тиісті рұқсатсыз не Бірыңғай оператордың кепілдігінсіз әкімшілік жауапкершілік көзделген — 500-ден 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл.
Құрметті облыс тұрғындары, салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алу бойынша мәміле жасасар алдында сіз әрқашан 8 (7142) 575-115 телефоны бойынша Басқарма мамандарынан кеңес ала аласыз және құрылыс салушының тиісті рұқсаты не кепілдігі бар-жоғын нақтылай аласыз.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығы бекітілген ережелермен (бұдан әрі – Ережелер) анықталады.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сай, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін, қызмет алушы 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
Қызмет алушылар аттестаттау өтінімін берген кезде зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді ұсынуы керек.
Құрылысқа қатысушылардың барлығына (тапсырыс беруші, құрылыс салушы) 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап рұқсаттарды (объектілердің жаппай қоныстануы және биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар) алу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдау сатысында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Cәйкестік туралы қорытындысы) беру жөніндегі ТЖМ аумақтық органдардың жаңа функциясын іске асыру шеңберінде аталған қорытындыны беру тәртібін, сондай-ақ оның нысанын айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірледі.
Қазіргі уақытта көрсетілген нормативтік құқықтық актілер мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілген және оларды қабылдау сатысында.
Жаңа функцияны іске асыру мемлекеттік қызмет көрсету түрінде электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында жүзеге асырылатын болады.
Аталған ақпараттық жүйенің мемлекеттік қызметті электрондық форматта көрсетуге техникалық дайын болуы 2026 жылғы 1 ақпаннан күтіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тарауына сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ 2026 жылғы 20 мамырдан мен 20 маусымға аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына қаржы және құқықтық жұмыс бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау.
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) 2025 жылғы 24 сәуірден бастап 30 сәуір аралығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша Басқарманың 2024 жылғы қызметі туралы есебі жария талқыланады деп хабарлайды.
Жария талқылау Есепті түсінік беру жолымен өткізіледі.
Есеп Басқарманың https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-memleket-saulet/documents/details/832595?lang=kk интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлігінде орналастырылған.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру үшін пайдаланылады.
Түсініктемелер gaskkost2024@gmail.com электрондық мекенжай бойынша және «Instagram» әлеуметтік желісіндегі (mskbb_kostanay) ресми парақшасында 2025 жылғы 24.04. жарияланым астында қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 575-115
Egov mobile қосымшасында үлестік құрылыс объектілерін тексеру ссылка арқылы өтіңіз https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-memleket-saulet/press/media/details/66145?lang=kk