Меню

Страницы

Статья

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

2021 жылғы 30 қараша                                                                      557

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыға қол қойылған  күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына  ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облысының әкімі          А. Мұхамбетов

Дата публикации
30 ноября 2021
Дата обновления
01 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Есеп
06 апреля 2026
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Ақпарат
30 июля 2025
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
09 апреля 2025
Тұрғын үй құрылысына қауіпсіз үлестік қатысу. Үлескерге ұсыныстар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы