Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй құрылысына қауіпсіз үлестік қатысу. Үлескерге ұсыныстар

Құрметті облыс тұрғындары!

Егер Сіз құрылыс процесіндегі үйді сатып алуды жоспарлап жүрсеңіз, өзіңізді алаяқ құрылысшылардан қалай қорғау керектігін білу маңызды. Үлестік қатысу – бұл қолайлы бағамен пәтер сатып алудың нақты мүмкіндігі, бірақ тек барлық заңды талаптарға сай болғанда ғана.

Қазіргі уақытта көптеген құрылыс салушылар брондау, алдын-ала сатып алу-сату шарттарын ұсыну арқылы заңнаманы айналып өтуге тырысуда. Жосықсыз құрылыс салушылардан қорғау үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз.

Бірінші. Мәміленің нысаны мен мазмұнына назар аударыңыз. Шарттың барлық тармақтарын мұқият оқып шығыңыз. Ол ашық болуы керек және тұрғын үйді тапсырудың нақты мерзімін қамтуы керек. Егер Сізге үлестік қатысу шарты болып табылмайтын және бекітілген нысанға сәйкес келмейтін шарт ұсынылса (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген), бұл сақ болуға себеп болады.

Екінші. Құрылыс салушыдан үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың болуы немесе кепілдік беру туралы Бірыңғай оператормен келісім-шарт туралы ақпарат беруін сұраңыз. Сіз сондай-ақ құрылыс объектісі туралы, мемлекеттік тіркеу туралы, іске асырылған объектілер туралы, жер учаскесіне құқық туралы анықтаманың болуы туралы ақпаратпен танысуға құқылысыз.

Шартты есепке алу. Есіңізде болсын, үлестік қатысу шарты салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органда (әкімдікте) есепке алынған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.

Заңды түрде жұмыс істейтін құрылыс салушы Qazreestr.kz ақпараттық жүйеде жұмыс істейді шарт жасалғаннан кейін оны бекітілген үлгі нысан талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жібереді.

Есепке қойылғаннан кейін құрылыс салушы сізге МСҚБ Басқарма басшысының (не оның орнындағы адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында үзінді көшірме береді.

Интернет-ресурста тексеру. Қосымша тексеру үшін Қостанай облысы әкімдігінің МСҚБ Басқармасының сайтына құжаттар бөлімінде "Үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат..." файлын ашыңыз. Егер объект кестеде болмаса, бұл құрылыстың үлестік қатысудан тыс жүзеге асырылатындығын білдіреді, демек, салынып жатқан объект бойынша ақша қаражатын тартуға тыйым салынады.

Осы нұсқауларды орындау арқылы Сіз жағымсыз жағдайдан аулақ бола аласыз және тұрғын үйді қауіпсіз сатып ала аласыз.

Егер Сізде үлестік қатысу туралы сұрақтар қалса немесе кеңес қажет болса,                         8 (7142)575-115 нөміріне қоңырау шалыңыз. Мамандар объектілер бойынша өзекті анықтамалық ақпаратты ұсынады және егжей-тегжейлерді түсінуге көмектеседі.

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
06 апреля 2026
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Ақпарат
30 июля 2025
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
09 апреля 2025
Тұрғын үй құрылысына қауіпсіз үлестік қатысу. Үлескерге ұсыныстар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы