Меню

Страницы

Статья

Тeнгізілген тыңдау рәсімі туралы ақпарат

Құрметті көрсетілетін қызметті алушылар!

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі-ҚР ӘРПК) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

ҚР ӘРПК 73-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына  және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес тыңдау рәсімін өткізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Көрсетілетін қызметті алушылар әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (қағаз түрінде, ақпараттық жүйелер, бейнеконференцбайланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы) білдіруге құқылы.

Дата публикации
22 декабря 2022
Дата обновления
22 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Есеп
06 апреля 2026
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Ақпарат
30 июля 2025
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жиі қойылатын сұрақтар
Пайдалы ақпарат
09 апреля 2025
Тұрғын үй құрылысына қауіпсіз үлестік қатысу. Үлескерге ұсыныстар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы