Қызмет есебі «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы» ММ 2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

  1. Жалпы ережелер.

 

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 9 қаулысына сәйкес құрылды.

Басқару туралы Ереже Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 557 қаулысымен бекітілген.

Ережеге сәйкес Басқарма қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырады:

1) сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субъектілердің қызметіне бақылау мен қадағалау жүргізеді;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (құрылысқа жоспарланған) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізеді;

3) объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды, осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды жүзеге асырады;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асырады;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

7) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат береді;

8) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттардың, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын беру туралы шарттардың есебін жүргізеді;

9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Дата публикации
10 марта 2023