«Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінезқұлық қағидалары қарастырылған, жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқау ұсынылған және мемлекеттік қызметшілердің практикасында бейәдеп мінез-құлық фактілерінің ең көп тараған түрлері келтірілген. Бұдан басқа, осы жұмыста мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген. Нұсқаулық мемлекеттік қызметшілерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға, сондай-ақ әдеп мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандар қауымына арналған.